Егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 90 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 наурызда № 4149 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Талас ауданнының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Оспанов Дулат Молдабековичке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Алиев

  Талас ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№90 қаулысына қосымша

Талас ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

Басталуы

Аяқталуы

1

Жаздық арпа

10.03.2019 жыл

20.04.2019 жыл

2

Жаздық бидай

15.03.2019 жыл

25.03.2019 жыл

3

Күнбағыс

15.03.2019 жыл

15.04.2019 жыл

4

Мақсары

15.03.2019 жыл

15.04.2019 жыл

5

Қант қызылшасы

25.03.2019 жыл

25.04.2019 жыл

6

Көпжылдық шөптер

25.03.2019 жыл

30.04.2019 жыл

7

Дәндік жүгері

20.04.2019 жыл

20.05.2019 жыл

8

Күздік бидай

20.09.2019 жыл

10.11.2019 жыл

      Ескертпе: Үстіміздегі жылы өсімдің дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және көктемгі ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады