РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық онамастика комиссиясының 2018 жылғы "4" қыркүйектегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талас ауданы Көктал ауылдық округі Көктал ауылындағы Пионерская көшесі "Жастар" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Көктал ауылдық округінің әкімі | Р. Қырықбаев |