Қарағанды облысы Жезқазған қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 07/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 384 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5204 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қарашадағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жезқазған қаласының келесі құрамдас бөліктері:

      Совхозная тұйық көшесі – Наурыз тұйық көшесі;

      Целинная тұйық көшесі – Керуен тұйық көшесі;

      Тихий тұйық көшесі – Бірлік тұйық көшесі;

      Рабочая тұйық көшесі – Шапағат тұйық көшесі;

      Первомайская көшесі – Көктем көшесі;

      Аварийная көшесі – Дауылпаз көшесі;

      Кирзаводская көшесі – Сарыжайлау көшесі;

      Новопролетная көшесі – Шұғыла көшесі;

      Геологическая көшесі – Ынтымақ көшесі;

      Аномальная көшесі – Балбырауын көшесі;

      Геофизическая көшесі – Темірқазық көшесі;

      Искателей көшесі – Ақдала көшесі;

      Орбитальная көшесі – Қайнар көшесі;

      Первооткрывателей көшесі – Шамшырақ көшесі;

      Поисковая көшесі – Шалқар көшесі;

      Энтузиастов көшесі – Ырыс көшесі;

      Жезказганская көшесі – Достық көшесі;

      Балхашская көшесі – Қаражар көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Сессия төрағасы,
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы
С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады