Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5218 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 04.10.2024 № 60/03 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекіту туралы" 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылық пайдалану режимі "Қарағанды облысының Тұматай өзенінің учаскесінде су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілеу туралы" жобасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қауылының 1 тармағында көрсетілген су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленсін.

      3. Қарағанды облысының Шет ауданы әкіміне, "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы", "Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы", "Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемелеріне, мемлекеттік уәкілетті органдарға өз құзырларының шеңберінде заңнамамен белгіленген тәртіптеосы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулыоның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады