Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 05.02.2020 № 08/01 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Занына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 45/04 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4425 болып тіркелген, "Индустриальная Караганда" 2017 жылдың 9 қаршасында № 126 (22239) және "Орталық Қазақстан" 2017 жылдың 9 қаршасында № 125 (22432) газеттерінде, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 қаршасында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "____" ________ №______ қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-ананың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||||
3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | 3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | ||||||
1. | Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (қалыпты топ) | 12839 | 6854 | 10000 | 11000 | 10000 | 11000 | 22550 | 26000 |
2. | Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (инклюзивті топ) | 50 | 100 | 0 | 0 | 0 | 0 | 34000 | 34000 |
3. | Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (түзету тобы) | 850 | 80 | 0 | 0 | 0 | 0 | 52000 | 52000 |