Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 08/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 5700 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 17/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 09.03.2021 № 17/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Занына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 24/06 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 мамырда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Н.Т. Бикеновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі Н. Аубакиров

  Қарағанды қаласының әкімі
2020 жылғы 5 ақпаны
№ 08/01
қаулысына қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-ананың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

3 жасқа дейін

3 жастан 7 жасқа дейін

1.

Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (қалыпты топ)

12 839

7 359

13 000

14 000

13 000

14 000

29 300

29 300

2.

Балабақша, бөбекжай, мектепке дейінгі шағын орталық (түзету тобы)

850

80

0

0

0

0

66 000

66 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады