Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 37/4 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 наурызда № 5228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 22.02.2024 № 13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылдың 4 ақпанында № 3 "Вести Темиртау" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1) 2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      2) 6-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Абишов
      Мәслихат хатшысы А. Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады