Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №523 қаулысына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 шешіміне 1-қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 523 сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 26.06.2024 № 16/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4 - тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;
3) Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз;
4) Қазақстан Республикасындағы Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні - 9 мамыр;
6) Қазақстан Республикасының Астана күні - 6 шілде;
7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - 30 тамыз;
8) Республика күні - 25 қазан;
9) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдар бекітетін ережелер негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлері - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Қазақстан Республикасының Ардагерлер туралы заңнамасының күші қолданылатын басқа да тұлғалар:
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
1979 жылғы 1 желтоқсан - 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар, сондай-ақ көп балалы отбасылар – төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар - 20 000 (жиырма мың) теңге;
3) Наурыз мейрамына - 21-23 наурыз:
бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан оң сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 60 000 ( алпыс мың) теңге;
амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күніне - 7 мамыр:
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары - 50 000 (елу мың) теңге;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары - 100 000 (жүз мың) теңге;
сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары - 100 000 (жүз мың) теңге;
5) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi - 2 000 000 (екі миллион) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер - 2 000 000 (екі миллион) теңге;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда: майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдар - 200 000 (екі жүз мың) еңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдар - 200 000 (екі жүз мың) теңге;
еңбек ардагерлері:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар - 100 000 (жүз мың) теңге;
Қазақстан Республикасының Ардагерлер туралы заңнамасының күші қолданылатын басқа да тұлғалар:
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, осы Заңның 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасылары - 50 000 (елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасылары - 50 000 (елу мың) теңге;
бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары - 50 000 (елу мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) - 50 000 (елу мың) теңге;
6) Қазақстан Республикасының Астана күні - 6 шілде:
амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;
7) Қазақстан Республикасының Конституция күні - 30 тамыз:
амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
8) Республика күні - 25 қазан:
жетпіс бес жасқа толған және одан асқан зейнеткерлер - 20 000 (жиырма мың) теңге;
9) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен ақталған тұлғалар - 400 000 (төрт жүз мың) теңге;
мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтандыру құны толық өтелетін, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы отбасыларды қоспағанда, Теміртау қаласының және Ақтау кентінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылары - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баланы күтіп бағуға ақы төлеу бойынша ата-аналардың нақты шығындарының 50% мөлшерінде;
амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
8. Азаматтардың санаттарына ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, мынадай негіздер бойынша бір мезгілде ұсынылатын әлеуметтік көмек:
жетімдік және ата-ана қамқорлығының болмауы;
әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;
жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
пробация қызметінің есебінде тұру - (пробация қызметінің есебіне қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей).
Егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаса, көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін бекітілген негіздер тізбесін басшылыққа алады.
Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген негіздер бойынша азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
9. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек өтініш берген тоқсанның алдындағы төрт ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Теміртау қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын келесі санаттағы тұлғаларға ұсынылады:
жасы бойынша зейнеткерлер;
мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
көп балалы аналар және көп балалы отбасылар;
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлері.
Әлеуметтік көмектің көлемі 130 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.
Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі газ жабдығын орнатуға шарт жасалған сәттен бастап бір алты айдан кешіктірмей жасалады.
10. Әлеуметтік көмек мына тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз азаматтардың мына жекелеген санаттарына:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жасалады;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру салдарынан зардап шеккен адамдарға немесе тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) меншік иелерінің біріне біржолғы 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей жасалады;
3) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын тізім негізінде тұрақты күтім жасау және қосымша күшейтілген тамақтану үшін адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар балаларға ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi;
4) санаторий-курорттық емделуге абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасы бар және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың жолдама құнын өздерінің ілесіп жүретін адамдарының біріне өтеуге құқығы бар.
Жергілікті атқарушы органдар ілесіп жүретін адамның біреуінің санаторий-курорттық ұйымында болу құнын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде өтейді.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, 1 топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емделуге алып жүруге байланысты болған шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледі.
Алып жүрушiнiң жол жүру шығыстарын төлеу еріп жүрушiнiң жеке қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.
11. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия белгілейді, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.
14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Теміртау қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
15. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
16. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
17. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 шешіміне 2-қосымша |
Теміртау қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген).
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 2 шілдедегі № 40/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3316 болып тіркелген).
3. Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 52/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3693 болып тіркелген).
4. Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 2 маусымдағы № 4/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3856 болып тіркелген).
5. Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 37/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5228 болып тіркелген).
6. Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 46/6 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 болып тіркелген).
7. Теміртау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 54/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5856 болып тіркелген).
8. Теміртау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 11 наурыздағы № 2/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6269 болып тіркелген).
9. Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 5 мамырдағы № 22/5 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27916 болып тіркелген).
10. Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 8 шілдедегі № 28/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28764 болып тіркелген).
11. Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 6/4 "Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының №35/5 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6467-09 болып тіркелген).