Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Теміртау қаласында, Металлургтер даңғылының бойындағы АТС-91-ден Амангелді көшесінің бұрышына дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін жалпы ауданы 10,2342 га жер учаскесiне, жер учаскелерін иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, 3 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Әшімов |