ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы 27 сессиясының № 27/6 "Жер салығының ставкаларын төмендету немесе жоғарылату туралы және салық салу мақсаты үшін Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 24 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жер салығының ставкалары төмендетілген немесе жоғарылатылған Теміртау қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы | А. Ломакин |
Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы "28" қарашадағы № 47/6 шешіміне қосымша |
|
Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы "26" маусымдағы № 27/6 шешіміне қосымша |
ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ЖЕРЛЕРІН АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ СХЕМАСЫ