Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Қаражал қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2019 жылдың сәуір айына дейін 2002 жылы туған ер азаматтарды "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын.
2. Меншік нысанына және бағыныштылығына қарамастан Қаражал қаласының және Жәйрем кентінің кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесіне 2002 жылы туған, шақыру учаскесінде тіркеуге жататын ер азаматтардың тізімін белгіленген нысанда ұсынсын.
3. Жәйрем мен Шалғы кенттерінің әкімдері 2002 жылы туған жасөспірімдердің "Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің Қарағанды облысы Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінің комиссиясына ұйымдастырылған және міндетті түрде келуін қамтамассыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі | Т. Досаев |