Қаражал қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 53 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5341 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаражал қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4137 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 15 ақпанында № 7 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ерденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады