Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 4137 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 53 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 15.05.2019 № 53 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындылығын арттыру мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қаражал қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлім" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Мұқашеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Қ. Шорманбаев

  Қаражал қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 13 қаңтардағы
№ 1 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Рет
№-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

1.2.

қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді- мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу

1.3.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық - сметалық құжаттама жасау не бар жобалық - сметалық құжаттаманы түзету

1.4.

қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық - сметалық құжаттама жасау не бар жобалық – сметалық құжаттаманы түзету

2.

Қызметтер:

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді - мекендердің көшелерін күрделі жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады