"Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өтінішін қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Магистральдық құбыр туралы" 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "САРЫ-АРҚА" магистральді газ құбыры "Қарағанды" автономды газ тарату станциясынан Қарағанды қаласының газ тарату желілерінің құрылысын салу үшін Саран қаласының аумағында осы қаулының қосымшасына сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан жер учаскесіне 4 жыл 11 ай мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Саран қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Саран қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы қаулыны Қарағанды облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыдан туындайтын басқа шараларды қабылдау керек.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Максут Жолдыбаевич Кожановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Темирханов |
Саран қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "__" ______ № __ қаулысына қосымша |
№ | Әкімшілік – аумақтық бірліктің атауы | Қауымдық сервитутының орнатылу алаңы, гектар |
1 | Саран қаласы | 15,392 |
Барлығы | 15,392 |