"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 08/04 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 18/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 5299 болып тіркелді

      "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18120 болып тіркелген), "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" Саран қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 08/04 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4162 болып тіркелген, "Саран газеті" газетінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 11 (892) санында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 наурызда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Маргарита Евгеньевна Блокқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады