Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 08/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 наурызда № 4162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 17.04.2019 № 18/01 (алғашқы ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8 бабы 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындығын арттыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
М. Кожухов

  Саран қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 ақпандағы
№ 08/04 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Рет №-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жана нысандар құрылыс немесе бар нысандардың қайта құру жұмыстары

1.2

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары

1.3

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жана нысандар құрылыс немесе бар нысандарға қайта құру жұмыстары өткізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу

1.4

қалалық маңызы бар автокөліктер жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу

2.

Қызметтер

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандардың құрылысы және қайта құру жұмыстарды кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2

қалалық маңызы бар автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады