Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 03.02.2021 № 5/01 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2%-дан 4%-ға дейінгі көлемде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 51/01 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5086 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2019 жылғы 4 қаңтарында, 2019 жылғы 1 ақпандағы № 4 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "___" _____________ № ______ қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Апрель-Кулагер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 194 | 3 | 6 |
2 | "Шахтинсктеплоэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 68 | 2 | 1 |
3 | "Союз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 78 | 2 | 2 |
4 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Березка" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 58 | 2 | 1 |
5 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Салтанат" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 78 | 2 | 2 |
6 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Еркетай" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 63 | 2 | 1 |
7 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Снегурочка" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 62 | 2 | 1 |
8 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Аленка" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 52 | 2 | 1 |
9 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Қарлыгаш" сәбилер-балабақша коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 72 | 2 | 1 |
10 | "Шахтинск қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 348 | 4 | 14 |
11 | "Шахтинск қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 369 | 4 | 15 |
12 | "Шахтинск қаласының әкімдігінің №1 Гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 116 | 3 | 3 |
13 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№2 Жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 103 | 3 | 3 |
14 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№3 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 86 | 2 | 2 |
15 | "Шахтинск қаласының әкімдігінің №5 Гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 98 | 2 | 2 |
16 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№6 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 115 | 3 | 3 |
17 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№7 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 82 | 2 | 2 |
18 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№9 жалпы білім берумектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 56 | 2 | 1 |
19 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "№11 жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 85 | 2 | 2 |
20 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Әлихан Букейханов атындағы мектеп-лицейі" Коммуналдық мемлекеттік мекеме | 121 | 3 | 4 |
21 | Шахтинск қаласының әкімдігінің "Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 75 | 2 | 2 |
22 | "Шахтинск технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 153 | 3 | 5 |
23 | "Қарттар мен мүгедектер үшін медициналық әлеуметтік мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 76 | 2 | 2 |
24 | "Балалар – жасөспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны | 57 | 2 | 1 |