Шахтинск қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 5/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 8 ақпанда № 6180 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) 2019 жылғы 25 қарашадағы № 48/01 "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 28 қарашада жарияланған);

      2) 2019 жылғы 25 қарашадағы № 48/02 "Жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.Б. Жаппаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады