Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы", 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Максутов |
Қарқаралы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "___" ___________ | |
№ ________ қаулысына | |
қосымша |
Қарқаралы ауданында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Көтермелеудiң түрлерi
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру.
2. Көтермелеудiң тәртiбi
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қарқаралы ауданы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының полиция департаменті Қарқаралы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПБ) енгiзедi.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды көтермелеу ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi
8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
9. Ақшалай сыйақы бюджеттік заңнамаға сәйкес төленеді.