Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылындағы Бейбітшілік және Нұра көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 01 "Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылындағы Бейбітшілік және Нұра көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4770 болып тіркелген, 2018 жылғы 09 маусымдағы № 23 (11667) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2018 жылы 04 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ынталы ауылдық округінің әкімі | Ж.К. Кежембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы |
министрлігі ветеринариялық бақылау және |
қадағалау комитететінің Қарқаралы аудандық |
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің |
басшысы |
Т.Ж. Көпжасаров |
4 қаңтар 2019 жыл