Кенжарық ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 маусымда № 5390 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының әкімінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының әкімінің 22.10.2019 № 4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Изенді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталғанына байланысты Кенжарық ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі С. Бердешова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады