Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Изенді ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Кенжарық ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Изенді ауылы әкімінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 1 "Кенжарық ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5390 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 маусымдағы № 23 (5620) "Нұра" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 26 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | С. Бердешова |