Осакаров ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы № 599 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 5198 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 24.01.2022 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 509-бабы 5-тармағы, 704-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Осакаров ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 13.02.2019 № 599 шешімімен.

      3. Осакаров аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы № 505 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарлату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3398 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қырқүйектегі № 38 (7470) "Сельский труженик" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған);

      2) Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 ақпандағы № 601 "Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 тамыздағы 47 сессиясының № 505 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарлату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3695 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 наурыздағы № 11 (7495) "Сельский труженик" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.К. Сыздыкова).

      5. Осы шешімнің 2 тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Травнева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады