Осакаров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 180 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қаңтарда № 26691 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 335 "Осакаров ауданының Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2709 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 ақпандағы № 599 "Осакаров ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады