Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 04.03.2019 № 13/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 бабы 1 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3756 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырында № 19 (7503) "Сельский труженик" аудандық газетінде, 2016 жылғы 16 мамырында "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) № 15/02 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Нұрмұханбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 65/01 қаулысына қосымша |
|
Осакаров ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 24 наурыздағы | |
№ 15/02 қаулысына | |
қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1 | Жұмыстар |
1.1* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау |
1.2* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын кентішілік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу. |
1.3* | Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын бар нысандарды күрделі жөндеу (жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда). |
1.4* | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру |
*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.