Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 26.07.2019 № 02 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Родников ауылдық округінің Қарасу ауылы аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Б. Ибраев |