2019 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 ақпанда № 5208 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2002 жылы туылған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады