Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2019 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 11/61 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 наурызда № 5240 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2019 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 47/446 "Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017-2018 жылдарға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4462 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 14 желтоқсанда, "ЗакупИнфо" газетінде 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Приозерск қаласының әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "18" 03
№ 11/61 қаулысына қосымша

Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2019 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1.

Бөбекжай

498

1-ден 3 жасқа дейін – 9000
3-тен 7 жасқа дейін – 10000

29628

2.

Мектепке дейінгі шағын орталық

110

1-ден 3 жасқа дейін – 9000
3-тен 7 жасқа дейін – 10000

24805


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады