"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "6" ақпандағы № 896 қаулысына қосымша |
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (пайыз) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | "Жосалы кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 70 | 1 | 1 |
2 | "Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 17 | 1 | 1 |
3 | "Төретам кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 19 | 1 | 1 |
4 | "Төретам кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Төретам кенттік клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 13 | 1 | 1 |
5 | "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 15 | 1 | 1 |
6 | "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақай ауылдық клуб үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 12 | 1 | 1 |
Барлығы | 146 | 6 |