Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 1348 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 наурызда № 6730 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Е.Г. Кимге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы "12" наурыздағы №1348 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4887 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 5 наурызда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 наурызда жарияланған).

      2. "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5126 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған).

      3. "Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерін тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №835 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5261 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 15 желтоқсанда және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған).

      4. "Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №835 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 515 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5565 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 шілдеде және "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 30 шілдеде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады