"Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 шілдедегі № 515 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 шілдеде № 5565 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 1348 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 12.03.2019 № 1348 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 835 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4887 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысында тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы он бірінші жолмен толықтырылсын:

"

11.

Саз

Ақсу

Жалағаш

45° 04' 16,30"
45° 04' 15,05"
45° 03' 59,11"
45° 03' 49,52"
45° 03' 54,49"

64° 42' 00,34"
64° 42' 13,75"
64° 42' 35,42"
64° 42' 31,59"
64° 42' 03,60"

барлау

40,0

".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады