"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 309 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 6776 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "35. Арал қаласындағы "Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Арал аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерді тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2019 – 2021 жылдарға).

      36. Арал қаласындағы "Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жарасқан Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 220 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2019-2021 жылдарға).

      37. Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 244 Ы. Жахаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Шиелі кенті әкімі аппаратының "Арман мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2018-2021 жылдарға).

      38. Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 127 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Шиелі аудандық білім бөлімінің № 270 Ғафур Мұхамеджанов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шиелі аудандық білім бөлімінің "№ 47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ескі) мен "Шиелі аудандық оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бу қазандықтарын жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2019-2021 жылдарға).

      39. Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысы және сыртқы инженерлік желілерді жеткізу (2019-2022 жылдарға).

      40. Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту (2019-2023 жылдарға).

      41. Шиелі ауданының индустриалдық аймағына темір жол тарту (2019-2023 жылдарға).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 29-сессиясының төрағасы
Ш. Әбдікәрімов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
хатшысы
Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады