"Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 119 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 7028 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 346 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 27.08.2021 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 шілдеде, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы Облыстық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі он бесінші жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері";

      реттік нөмірі жиырма алтыншы жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "Облыстық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерден қайтару";

      "Уәкілетті органдар" бағанындағы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті" ММ" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысының Полиция департаменті" ММ" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады