Арал қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № 155-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 284 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 қарашада № 6989 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысы негізінде, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласының атауы жоқ көшесіне "Ұлбибі Балымбетова" есімі берілсін.

      2. Арал қаласының "Жеңістің 30 жылдығы" көшесі "Жұпан Тәжімбетов" есімімен қайта аталсын.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Р. Өтешов
      Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс елу бірінші сессиясының
төрағасы
Қ. Аяпов
      Арал аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады