"2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 65 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 6779 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 166 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6477 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "30" сәуірдегі №65 қаулысына қосымша
  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "11" қазандағы №166 қаулысына қосымша

2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

171

3

5

2

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №276 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

71

2

1

3

"Қазалы ауданының білім бөлімінің №94 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2

1

4

"Қазалы ауданының білім бөлімінің Б.Әбдіразақов атындағы №88 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

5

"Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының №23 "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

50

2

1

6

"Әйтеке би кенті әкімі аппаратының №4 "Шұғыла" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

54

2

1

7

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылордажылуэлектрорталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Қазалы-Теміржолжылу" филиалы

87

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады