Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 64 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 6780 болып тіркелді

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қазалы ауданының қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы ауданының әкімі М. Ергешбаев

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "29" сәуірдегі №64 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативі

      Активтерді дамыту және кеңейту (күрделі жөндеу, реконструкция, жаңғырту, цифрландыру) - 50%

      Адами капиталды дамыту және ынталандыру (біліктілікті арттыру, тәжірибе алмасу, сыйақы беру) - 15%

      Тәуекелдерді сақтандыруға провизиялар (резервтер) және шығынды жабу - 20%

      Кезек күттірмейтін қажеттіліктерге жұмсалатын резерв - 10%

      Кәсіпорындар қызметінің спецификасы бойынша қажет ететін шығындар түрі - 5%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады