2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 895 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 6678 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Е.Меңлібаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "6" ақпандағы №895 қаулысына қосымша

2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жұмыскер лердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (пайыз)

Мүгедектер үшін жұмыс орындары ның саны (адам)

1

"Жосалы кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің №21 "Тоғжан" ясли-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

52

2

1

2

"Қармақшы аудандық білім бөлімінің №111 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

3

"Қармақшы аудандық білім бөлімінің №113 Қаракөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

4

"Қармақшы аудандық білім бөлімінің №106 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

56

2

1


Барлығы

210


4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады