“Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы №2 қаулысына өгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 147 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қыркүйекте № 6916 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6153 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Жалағаш ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарында:

      реттік нөмірі 1 - қатар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады