"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2019 жылы Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХ сессиясының төрағасы |
А. Налибаев |
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Ильясов |
Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 ақпандағы кезектен тыс ХХХ сессиясының № 309 шешіміне қосымша |
2019 жылы әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар
№ | Жалпы мамандардың саны | Денсаулық сақтау саласы мамандарының саны | Білім беру саласы мамандарының саны | Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының саны | Мәдениет саласы мамандарының саны | Спорт саласы мамандарының саны | Агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарының саны |
1 | 92 | 23 | 26 | 3 | 4 | 10 | 26 |
жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы | |||||||
№ | Жалпы мамандардың саны | Денсаулық сақтау саласы мамандарының саны | Білім беру саласы мамандарының саны | Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының саны | Мәдениет саласы мамандарының саны | Спорт саласы мамандарының саны | Агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарының саны |
1 | 92 | 23 | 26 | 3 | 4 | 10 | 26 |
тұрғын үй алу немесе салу үшін – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит. |