Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 495 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5949 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасындағы "бұдан әрі - Бөлім" деген сөздер алынып тасталсын.
5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарындағы "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.