"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар осы қаулының 1, 2 және 3қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Ғ. Әміреев |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "15" наурыздағы № 753 қаулысына 1-қосымша |
2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | "Сұңқар" шаруа қожалығы | 55 | 2 | 1 |
2 | "Бақытжан" шаруа қожалығы | 30 | 2 | 1 |
3 | "Мырзабай" шаруа қожалығы | 20 | 2 | 1 |
4 | "Тасболат-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 12 | 2 | 1 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "15" наурыздағы № 753 қаулысына 2- қосымша |
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | "Түгіскен" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 2 | 1 |
2 | "Сарман-Тастақ-Жанакорған" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 13 | 2 | 1 |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "15" наурыздағы № 753 қаулысына 3-қосымша |
2019 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны, (адам) |
1 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 194 | 1 | 2 |