"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 344 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 6841 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қазандағы № 495 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 02.10.2020 № 495 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5949 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы "және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХХХІV сессиясының төрағасы C.Абдуллаев
      Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы Е.Ильясов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады