Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 6953 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 20.02.2024 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 20.02.2024 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 43 сессиясының төрағасы:
Е.Жақып
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 343 шешіміне қосымша

Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 20.02.2024 № 85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады