"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 85 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 8492-11 болып тіркелді

      Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 343 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6953 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария аудандық мәслихат төрағасы Е. Әжікенов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 85 шешіміне қосымша
  Сырдария аудандық мәслихатының
2019 жылғы 30 қазандағы
№ 343 шешіміне қосымша

Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      1. Сырдария ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен (бұдан әрі – мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады