"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 97 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6785 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасындағы кестенің 6, 21 қатарлары мынадай редакцияда жазылсын:
6 | Ақжарма ауылы | "Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының "Бүлдіршін" бөбекжай балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 50 | 25250 | 5170 |
70 | 38760 | ||||
21 | Тереңөзек кенті | "АЯЛА" жеке балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 25250 | 5000 |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Рустемов |