"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Рустемов |
Аудан әкімі 2019 жылғы 9 желтоқсаны № 270 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 120 | 0,8 | 1 |
2 | "МАДИ ҚАЖЫ атындағы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 135 | 0,7 | 1 |
3 | "Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 252 | 0,8 | 2 |
4 | "Рахманқұл Ата" жеке кәсіпкері | 10 | 10 | 1 |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 270 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 26.10.2020 № 241 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квотаның көлемі | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Шаған Жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 252 | 0,4 | 1 |
Аудан әкімі 2019 жылғы 9 желтоқсаны № 270 қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Сырдария аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 147 | 0,7 | 1 |