Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 104 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 3906 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 11.12.2019 № 261(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 "Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) және Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 55 "Карантин белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3877 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 10-18/88 және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 01-19/295 хаттарының негізінде, мүйізді ұсақ малдарының шешек ауруы бойынша қолайсыз аймақта жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мақсатында, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағы келесідей аймақтарға бөлінсін:

      1) "Бегеш", "Сұршоқы" қыстақтарының аумақтары енгізілген 5 шақырым радиустағы мүйізді ұсақ малдың шешек ауруының эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақ;

      2) "Арқартөбе", Жараулы", "Жетіқыз", "Қаңға", "Мұрынқора", "Сәубет", "Сақақұдық", "Тоғжан" "Шұқырауыл" қыстақтарының аумақтары енгізілген 10 шақырым радиустағы буферлік аймақ;

      3) "Қызылөзен" ауылы, "Ақшоқы", "Ақмолалы", "Белігайлы", "Жерсенгір", "Кіштін", "Қарағашты", "Қорып" "Қызылсығара", "Мешітті қора", "Мөлдір", "Нұрқабай", "Орта қора", "Сағажа", "Сүрелі", "Шалкөсе" қыстақтарының аумақтары енгізілген 15 шақырым радиустағы бақылау аймағы;

      4) белгіленген аймақтардан тыс орналасқан Түпқараған ауданының аумақтары қолайлы аймақтарға жатқызылсын.

      2. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (Қ. Мырзатов) (келісім бойынша), Түпқараған ауданының әкімі (А. Хамиев) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.И. Қилыбайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады