Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 261 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 4099 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.А. Сагимбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 11 желтоқсаны
  № 261 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 341 "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2951 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 394 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2950 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 346 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 394 "Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3218 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 347 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 393 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3219 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 желтоқсанда Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      6. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 167 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 393 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3404 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      7. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 104 "Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының аумағын аймақтарға бөлу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3906 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады