Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 27/328 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 3918 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су Кодексінің 38 бабының 5 тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Құлшықов
      Маңғыстау облыстық мәслихаты
      хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы А. Қуанов
     

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2019 жылғы 30 мамырдағы
  № 27/328 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау облысы бойынша 2019 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Ставкалары (теңге)

1

2

3

4

1

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

58,73

2

Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде

1000 текше метр

168,02

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

53,22

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1000 текше метр

51,39

5

Су көлігі

1000 текше метр

27,12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады