Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.06.2022 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2012 жылғы 22 маусымдағы "Магистральдық құбыр туралы" зандарына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырын қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай-ақ, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес газ құбыры осінің әрбір жағынан елу метрден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде ғаз құбыры осінің әрбір жағынан жиырма бес метрден күзет аймағының шекарасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі айқындалсын.
3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бейнеу ауданының әкіміне құрылыс нормалары мен қағидаларында белгіленген ең аз қашықтық шегінде магистральдық құбырға жатпайтын нысандарды салу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынсын.
4. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қазандағы | |
№ 232 қаулысына 1-қосымша |
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының күзет аймағына кіретін жерлер
№ |
Аудан | Жер санаты | Ауылдың атауы |
Магистраль дық газ құбыры | Оның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашы | оның ішінде: | басқада алқаптар | |||||||||
|
көпжыл |
ша |
жайы | ||||||||
барлы |
суармалы егіс | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| Бейнеу ауданы |
ауыл шаруашылығы мақсатын | 37,5672 | 37,5672 | 37,5672 | ||||||
елді мекен | Бейнеу ауылы | 152,2620 | 151,8883 | 151,8883 | 0,3737 | ||||||
Тұрыш ауылы | 102,2526 | 101,5322 | 101,5322 | 0,7204 | |||||||
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашы |
|
| |||||||||
босалқы жер | 440,7919 | 439,8562 | 439,8562 | 0,9357 | |||||||
Барлығы | 735,6834 | 730,8439 | 730,8439 | 4,8395 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" қазандағы | |
№ 232 қаулысына 2-қосымша |
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
Магистральдық газ құбырының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.